Бүгін жаңа Үкіметтің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін жаңа Үкіметтің отырысы өтті

12.01.2022

Бүгін жаңа Үкіметтің отырысы өтті. Онлайн жиында тағайындалған министрлер салтанатты түрде ант берді. Ведомства басшылары Парламент Мәжілісінің отырысында Президент берген тапсырмаларды орындау жолдарын талқылап, қысқа мерзімді жоспарларын таныстырды. 2022 жылға арналған жоспар үш аптаның ішінде дайын болуы керек. Алғашқы жиында еңбекақыны арттыру, бизнеске жеңілдік беру, 2025 жылға дейін инфляцияны 3-4 пайызға төмендету мен инвестициялық саясат туралы баяндамалар жасалды. Сондай-ақ, азық-түлік бағалары қолжетімді болу үшін қажет жағдайда экспортты азайту да жоспарда бар. Шекті бағалар қайта қаралып, кеден саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдатылады. Ал ревакциянацияны жалғастыру үшін 6,5 млн вакцина сатып алу жоспарда тұр. Сондай-ақ, министрлер төтенше жағдайдан кейінгі ахуалды тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 

Хабарламаларға жазылу