Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгерлері елден кетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгерлері елден кетеді

11.01.2022

Жағдай тұрақталды. Енді Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгерлік күштері өз еліне қайтады. Бұл екі күннен кейін басталып алдағы он күн ішінде аяқталатын болады. Бұл туралы Парламенттің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президент: «Сондай-ақ жақын арада террорлық іс-әрекеттердің артында кімдердің тұрғанын анықтау керек», – деді. Ел аумағында неліктен заңсыз қару айналымы артты және оған қалайша жол берілді деген сұрақтың жауабын жедел анықтауды тапсырды.  

Хабарламаларға жазылу