Президент жастардың білім алуы мен жұмыспен қамтылуы мәселесіне тоқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жастардың білім алуы мен жұмыспен қамтылуы мәселесіне тоқталды

11.01.2022

Президент әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының филиалдарын біздің елде ашуды міндеттеді. Әсіресе батыс аймақта техникалық бағыттағы білім ордаларын көбейтудің маңыздылығын баса айтты. Сонымен бірге Мемлекет басшысы жастардың білім алуы мен жұмыспен қамтылуы мәселесіне де тоқталды. Бұл елдің әлеуетін арттыруға септігін тигізеді дейді сарапшылар.

Сағидулла Баймұрат, Республикалық заң консультанттары алқасы төрағасының орынбасары:

Мұндай деңгейдегі университеттер батыс өңіріне қажет. Мұнай-газ өндіретін өңірде инженерлердің білімін арттыру, сол жерде оқу орындары ашылып, жергілікті азаматтар сол жерде оқыса, біздің әлеуетті арттыратын керемет мүмкіндік болатын еді.


Хабарламаларға жазылу