Қорғаныс пен құқық қорғау саласын реформалау кезек күттірмейтін шаруа - Сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс пен құқық қорғау саласын реформалау кезек күттірмейтін шаруа - Сарапшы

11.01.2022

Қорғаныс пен құқық қорғау саласын реформалау кезек күттірмейтін шаруа

Қорғаныс пен құқық қорғау саласын реформалау әскери қызметкерлердің руһын көтереді. Жастарды отан алдындағы борышын өтеуге ынталандыру кезек күттірмейтін шаруа. Президенттің мәлімдемесіне қатысты сарапшылардың пікірі осы. Еліміздің тыныштығы тікелей осы сала мамандарының қолында дейді олар.

 Ерлан Мадиев, Әлемдік саясат және экономика институтының сарапшысы:

Қорғаныс министрлігі, полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті болсын - бәрі біздің еліміздің тәуелсіздігін, егемендігін, территориялық тұтастығын сақтап отырған алғы шептегі органдар. Олар тиімсіз жұмыс істесе, олардың арасында бүлікшілер шықса, біздің болашағымыз өте бұлыңғыр болады. Сондықтан Президенттің бұл бағытына орасан зор үміт артамын.


Хабарламаларға жазылу