Террористік шабуыл кезінде фейк ақпараттар көп тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Террористік шабуыл кезінде фейк ақпараттар көп тарады

11.01.2022

Террористік шабуыл кезінде фейк ақпараттар көп тарады. Мәселен Нұр- Сұлтан мен Алматыда коммуникациялар өшіріледі және суға у қосқан» деген ақпарат тараған. Қазнетте 8-ші қаңтар шу болған қауесетті Алматы комендатурасы мен Елорда әкімдігі бірден теріске шығарды. Екі мегаполисте де коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ белгісіз біреулер Алматы маңындағы әскери био-зертхананы басып алған деген де жалған ақпар тарады. Денсаулық сақтау министрлігі оны жоққа шығарып, нысан айналасы күзетілетінін хабарлады. Желіде 2000 тәліб Нұр-Сұлтанға келеді деген ақпар да тарады. Елорда комендатурасы қауесетті бірден жоққа шығарды. Полиция болып киінген адамдар пәтерлерді тонап жатыр деген ақпарат та шындыққа жанаспайды. Елордалықтардың үрейін алған хабарламада полиция формасын киген белгісіз адамдар құжаттар тексеруді желеу етіп, пәтерлерге кіріп, тонайды деседі. Қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты да жоққа шығарды. 

Хабарламаларға жазылу