Лондондағы елшілік туын төмен түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондондағы елшілік туын төмен түсірді

10.01.2022

Бүгін Қазақстанның шетелдегі елшіліктері мемлекеттік туларын төмен түсірді. Олардың қатарында Лондондағы «Kazakhstan House»-та бар.

Марина Бекенова, тілші:

Лаңкестердің қолынан қаза тапқан қарапайым қазақстандықтар мен құқық қорғау қызметкерлері отбасыларының қайғысына Ұлыбритания жұртшылығы да ортақтасуда. Олар лаңкестікке қарсы жасалып жатқан іс-қимылдар туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар және терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайтындықтарын айтады. Еліміз үшін Біріккен Корольдікте уақытша тұрып жатқан отандастарымыздың да көңілі алаң. Барлығы бейбітшілікке қауіп төндіретін күштерге тойтарыс беріліп, Қазақстанда тыныш өмір тез арада орнайды деген сенімде. Олар елде интернет қолжетімді болған уақытта жақындарымен байланысып, амандықтарын білісіп жатыр. Мен қазір Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің алдында тұрмын. Мұнда да Жалпыұлттық аза тұту күнінде Мемлекеттік ту төмен түсірілді. Лондон Елордадан алты сағат артта. Қазір бізде таңғы уақыт. Тұрғындар ғимарат жанына келіп, гүл шоқтарын қойып жатыр. Біріккен Корольдіктегі эпидемиологиялық ахуалға орай елшілік электрондық пошта бойынша онлайн көңіл айту кітабын ашты.


Хабарламаларға жазылу