Қазақстандық кәсіпкер «Күшіміз бірлікте» қорына 500 млн теңге аудармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық кәсіпкер «Күшіміз бірлікте» қорына 500 млн теңге аудармақ

10.01.2022

Қазақстандық кәсіпкер, меценат Бахараддин Аблазимов елдегі тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен бизнес иелерін қолдау үшін «Күшіміз бірлікте» қорына 500 миллион теңге аудармақ. Бұл қаржы әр аймақта бүлікшілердің залалы тиген кәсіпкерлік субъектілерін қайта қалыпқа келтірілуіне жұмсалмақ. Меценат осы бастама арқылы барлық қазақстандықты бір Тудың астына жиналып тұрақтылықты сақтауға, қиналған жандарға демеу болуға шақырды.

Бахариддин Аблазимов, кәсіпкер:

Алматыда қираған, өртенген шағын кәсіпкерлердің асханалары, магазиндері, шаштараздары. Қанша заттар қирады, бүкіл Қазақстанда қирап жатыр. Соған енді қор ашылды деп естуіммен өзімнің азаматтық борышым деп санап, өзімнің атымнан, өзімнің ұжымымның атынан 500 млн теңге қаржылай көмегімді білдіргім келіп отыр. Бүкіл әлемге қазақ халқын басқа жағынан, жақсы жағынан көрсетуге үндеуге шақырамын. Бірігейік, ел болайық, бір тудың астына жиналайық. Біздің күшіміз бірлікте.


Хабарламаларға жазылу