Алматыда кәсіпкерлер қиыншылыққа тап болған жандарға қол ұшын созуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кәсіпкерлер қиыншылыққа тап болған жандарға қол ұшын созуда

11.01.2022

Алматыда 20 кәсіпкер бірігіп, қиыншылыққа тап болған жандарға қол ұшын созуда.

Мегаполисте тәртіпсіздік орын алған сәттен көшеге шыға алмай қалған әлеуметтік нысан қызметкерлеріне азық-түлік жеткізіп тұрған. Кәсіпкерлердің сөзінше, «жұмыла көтерген жүк жеңіл». Осындай қиын сәтте бір-бірімізге көмек көрсету – азаматтық парызымыз, дейді.

Болатбек Дәлелханұлы, Кәсіпкерлер одағының президенті:

Осы жолда біз 12 ауруханаға үш күн бойы тамақ жеткізіп тұрдық. Бүгін 20 кәсіпкер бірігіп, 500 жақсылық жәшігін жасап отыр. Тек қана жақсылықтар болсын. Осындай жақсылық жәшігін жасап, қиыншылыққа тап болған жандарға бірігіп көмектесейік. Күшіміз бірлікте.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу