Жатақханалардағы студенттер азық-түлікпен қамтамасыз етіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жатақханалардағы студенттер азық-түлікпен қамтамасыз етіліп жатыр

10.01.2022

Үйіне жете алмай, жатақханаларда қалып қойған студенттер ашқұрсақ емес. Олар күнделікті қажетті тауарлармен, азық-түлікпен қамтамасыз етіліп жатыр. Білім және ғылым министрлігі осылай деп хабарлады. Жатақханаларда қалып қойған студенттердің жалпы саны 6 мың. Басым бөлігі ірі қалаларға өзге өңірлерден келгендер. Төтенше жағдайға байланысты олардың демалысы 24 қаңтарға дейін ұзартылған. Жоғары оқу орындарының әкімшілігі бірнеше күнге азық түлік қорын әзірлеп қойған. Жедел желі де іске қосылған.

ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ:

8-7172-74-16-24

8-7172-74-20-67

8-7172-74-23-52


Хабарламаларға жазылу