Көкшетау жұрты елге тыныштық тілейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетау жұрты елге тыныштық тілейді

10.01.2022

Ақмолалықтар да қаза тапқандардың туыстарына қайғырып, көңіл айтады. Өңірде Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты барлық мекемелердегі Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.

Ермек Елберген, тілші:

Бүгін түнгі сағат 00:00-де облыс бойынша барлық мекемелерде мемлекеттік Тулар төмен түсірілді. Бүгін ешқандай да ойын-сауық, көңіл көтеру шараларын өткізуге болмайды. Ақмола облысында лаңкестердің қолынан қаза тапқандар жоқ. Өңірде жаппай тәртіпсіздіктер де болмады. Десе де, бұл жалпыға ортақ қайғы. Әскерилер, полиция қызметкерлерінен қатар, бейбіт тұрғындар да көз жұмды.

Ермек Елберген, тілші:

Біз де қайғырып, көңіл айтамыз. Қазір Ақмола облысындағы жағдай тұрақты. Барлық мекемелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Полиция мен күштік құрылым мамандары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қызмет етуде.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу