Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілеріне қатысушыларды іздестіру және ұстау, сондай-ақ жасалған қылмыстардың мән-жайларын анықтау бойынша іс-шаралар жалғасуда. Соңғы 1 тәуліктің өзінде лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарды жасаған 500-ден аса адам ұсталды.