Мәжілістің Бюро отырысы Жалпы ұлттық аза тұту күніне орай үнсіздікпен басталды. Спикер барлық депутаттардың атынан қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты. Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының бірінші күннен бастап Жаңаөзен мен Ақтауда басталған бейбіт шеруде оқиға орнына барып, Үкіметтік комиссиямен бірге жұмыс істегенін айтты. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары түрлі алаңдарда Мемлекет басшысының шешімдерін белсенді түрде қолдап, жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар жаңа заң жобалары бойынша жұмыс басталғанын мәлімдеді.