Ақмола облысындағы барлық мемлекеттік мекемелердің ғимаратында мемлекеттік ту төмен түсірілді. Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты бүгін аймақта ойын-сауықтық шаралар өткізілмейді. Теларнада осы бағыттағы бағдарламалар 1 күнге тоқтатылды. Барлық еңбек ұжымдарында лаңкестердің қолынан қаза болған құр¬бандарды үнсіз еске алу рәсімі өтті.