29 тамыз - Жалпыұлттық аза тұту күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

29 тамыз - Жалпыұлттық аза тұту күні

28.08.2021
29 тамыз - Жалпыұлттық аза тұту күні

Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бұл күні мемлекеттік ту төмен түсіріліп, ойын-сауықтық шаралар мен осы бағыттағы телебағдарламалар тоқтатылады.

26 тамыз күні Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Нәтижесінде 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды.

Жамбыл облысы Аза тұту күні

Хабарламаларға жазылу