Ел зиялылары халықты сабырға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел зиялылары халықты сабырға шақырды

10.01.2022

Асима Нұрбайқызы, тілші:

Бүгін қазақ елі бұзақылардың қолынан қаза тапқан боздақтарды аза тұтып жатыр. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адам көз жұмды. Олардың арасында өздеріңіз білесіздер бейбіт тұрғындар, әскерилер мен тәртіп сақшылары, ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері бар. Бүгінгі қаралы күнде, қаралы қаңтарда халық бір-біріне басу айтып жатыр. Тұтас ел қара жамылып отырған отандастарымыздың қайғысына ортақ. Қазір менің жанымда айтыскер ақын Аманжол Дүйсенбайұлы Әлтаев тұр.
Бұл күн біздің тарих үшін қаралы күн ретінде енеді. Біз содырлардың қолынан шейіт кеткен азаматтарымызды ұмытпауымыз тиіс. Ұмытпаймыз да.


Хабарламаларға жазылу