Алматыдағы Орталық музейді қызметкерлері қорғап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Орталық музейді қызметкерлері қорғап қалды

09.01.2022

Бүлікшіл топ Алматыдағы мемлекеттік орталық музейге де шабуыл жасады. Абырой болғанда қызметкерлердің арқасында нысан зардап шекпеді. Мұражай директорының орынбасары Бибігүл Дандығараева бұзақылардың алдынан шығып, бес сағат келіссөз жүргізген. Жәдігерлерді сақтап қалу үшін барын салғандарды көрген содырлар әрең дегенде кері қайтқан.

Тәртіпсіздіктің екінші күні шамамен сағат 4-тердің кезінде қала әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасалып жатқанда терезені сындырып, есікті бұзып ішке лап қойған. Музей директоры орынбасарының сөзінше бұзақылардың алғашқы сұрағаны мына "Алтын адам" экспонатының түпнұсқа немесе көшірме екенін сұраған.

Бибігүл Дандығараева, ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары:
Жүгіріп келіп кіреберіске келген бойымда бірден екіжүзге жуық бүлікші кіріп келді. Кіріп келіп, столды ұрып, мониторларды сындырып, сөйте бастады. Бірден бонкоматқа қарай, алтын адамға қарай жылжыды. Мен кірген топтың тіпті алдына шығып, далаға дейін шығып кетіппін. "Ешнәрсеге тиіспеңдер бұл халықтың мұрасы. Біз соларды сақтаушыларымыз. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізейік" деген сөздерді айта бергем.

Қазір қызметкерлер төртінші күн музейде қонып жүр. себебі содырлар тағы келіп қала ма деп алаңдаулы. Мақсатымыз құнды жәдігерлерімізді көздің қарасындай сақтау дейді олар.

Хабарламаларға жазылу