Елордада «Аягөз ару» атты ән кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Аягөз ару» атты ән кеші өтті

25.03.2014
Елордада «Аягөз ару» атты ән кеші өтті
Астанада Перизат Тұрарованың дебюттік концерті өтті.
 
Бүгінде, дәстүрлі әнді орындайтындардың қарасы көбейді. Алайда, халыққа етене жақыны, сүйікті әншісі болғандары аз ғана. Сол шоғыр жұлдыздай жарқыраған азшылықты бір әншімен толтырмаққа бүгін Перизат Тұрарова ұмтылды. Ол Астанада алғашқы есеп беру кешін өткізді.
 
Перизат Тұрарова, дәстүрлі әнші:
Репертуарымдағы дүниелер - консерватория қабырғасында жүргенде, кейін сахнаға шыққан кезде орындап, қоржынға жинақтаған әндер. Мақсат - дәстүрлі әнді насихаттау.
 
Дәстүрлі ән өнерін жандандырып жүрген өнерпаздың бірі - Ерлан Рысқали. Әнші соңынан еріп келе жатқан қарындасы жайында, оның әнді орындау стилі, жеткізе алу қабілеті хақында былай дейді.
 
Ерлан Рысқали, дәстүрлі әнші:
Әнді үйреніп айту әншілік емес, әнді зерделеп айту керек. Перизат әнді өзінің жан дүниесіне бағындырып орындайды.
 
Қазақтың дәстүрлі ән өнерін өрге бастаушы, насихаттаушы жалынды жас. Көмейіне бұлбұл ұя салған өнерпаз. Кешке жиылғандар Перизаттай әншіні осылай суреттеді.
 
Гүлжамал Ысқақова, көрермен:
Концерт ұнады. Тамаша әсер алдық.
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу