Батыс Қазақстанда 575 адамға ескерту жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда 575 адамға ескерту жасалды

09.01.2022

Батыс Қазақстан облысында тәртіпке бағынбаған 575 адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Өңірдегі ахуал жайлы Ардақ Мұратқызы айтып береді.

Ардақ Мұратқызы, тілші:

Облыста қауіпсіздік шаралары күшейтілген. ТЖ жаряланғаннан бері 600-ге жуық адамға ескерту жасалды. Сондай-ақ, ПД дерегінше, 37 адам жағдай толық анықталғанша уақытша ұстауда отыр. Ал 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке қамалды. Олардың ішінде алтауына заңсыз митингке қатысуға шақырды деген айып тағылып отыр. Біреуі ТЖ талабын бұзған. Блокбекеттерден соңғы тәулікте 7 аңшы мылтығы тәркіленді. Мас күйінде көлік жүргізген 5 адам ұсталды. Ал Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, қашып, облыс аумағында ұсталған марадерлар Орал қаласының тұрғындары болып шықты. Бір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екіншісіне, ешқайда шықпау туралы ескерту берілді.


Хабарламаларға жазылу