Халықтың арасына қиқу салғандардың әрекеті толғандырады - жазушы Роза Мұқанова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың арасына қиқу салғандардың әрекеті толғандырады - жазушы Роза Мұқанова

09.01.2022

Барлық түйіткілдің шешімі жұдырықтай жұмылу. Бұл түрлі сала өкілдерінің ортақ пікірі. Олардың айтуынша, елімізде тұрақтылық пен бейбітшілік болмай қиындықты еңсере алмайды.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қазір еліміз бұрын-соңды болмаған сын-сағатта тұрмыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы Констититуцияның гаранты ретінде адами тұрғыдан, психологиялық ретінде ғана сасқалақтап қалған әрбір адамға қолдау бере алды, сенім бере алды. Біз қазіргі бірлік, түсіністік. Бір-бірімізге қолдаудан айырылмауыз керек. Қазақстанның алар асуының бәрі алда.

Роза Мұқанова, ақын:

Бейбіт митингіні, халықтың бейбіт шеруін лаңға ұластырған. Қазақтың арасына ел арасына қиқу салған әрекеті халықты қатты толғандырды. Жап-жас балаларымыз бастары домалап, алаңда жатқан кезде қай ана, қай қазақстандық жүрегі елжіремеді екен. Біз халықтың қайғысымен ортақпыз. Біз де халықпыз. Бізге Тәуелсіздік қымбат.


Хабарламаларға жазылу