Елге ұша алмай қалған жүздеген қазақстандық Мәскеу әуежайларында түнеуге мәжбүр. Өйткені Ресей астанасынан барлық әуе рейстері тоқтатылды.
Индира Бегайдар, тілші:
Мәскеудің Домодедово, Шереметьево әуежайларынан ұшатын рейстер тоқтатылды. Сондықтан қазақстандықтар елге жетудің өзге амалын қарастырып жатыр. Бірулер Бішкек арқылы ұшса, тағы бір азаматтарымыз шекаралас облыстар арқылы көлікпен елге кірмек. Әуежайда қалып қойғандардың барлығына жағдай жасалуда. Қазақстанның консулдық қызметі жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, елге жете алмай, Ресейде қалып қалған азаматтар үшін арнайы желі іске қосылды. 8-925-897-71-14 нөміріне хабарласуға болады.
Индира Бегайдар