Екі банк көз жұмған әскерилер мен полиция қызметкерлерінің несиесін кешіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екі банк көз жұмған әскерилер мен полиция қызметкерлерінің несиесін кешіреді

09.01.2022

Еліміздегі тағы екі банк Төтенше жағдай кезінде көз жұмған әскерилер мен полиция қызметкерлерінің несиесін кешіреді. Бұл туралы «Сбербанк» және «Хоум кредит» банкінің баспасөз қызметі хабарлады. Олар қаза болған азаматтардың отбасына көңіл айтып, несиесіне қатысты айыппұл және өсімпұлды тоқтатты. Айта кетейік, бұған дейін «Халық банк» қаза тапқан әскерилердің несиесін кешіретінін мәлімдеді. Бұдан бөлек жеке және заңды тұлғалардың несиелеріне де қаңтар айының соңына дейін өсімпұл жүрмейді. Қазір банктердің барлық филиалдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кеңселер жағдай тұрақталғаннан кейін қайта ашылады. Бүгінде еліміздегі кәсіпкерлік салаға келтірілген шығын көлемі шамамен 88,1 миллиард теңгені құрайды. 

Хабарламаларға жазылу