Алматыда өрт және құтқару қызметінің 18 техникасы қирап, 7-еуін қаруланған бұзақылар тартып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда өрт және құтқару қызметінің 18 техникасы қирап, 7-еуін қаруланған бұзақылар тартып алған

08.01.2022

Алматыда Төтенше жағдайлар департаменті мен оған қарасты барлық құрылымдық бөлімше штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жаппай тәртіпсіздіктер басталғалы ведомство қызметкерлері оқиға орнына 70-тен астам рет барған. 4 қаңтардан бері 18 техника қирады. Оның 7-еуін қаруланған бұзақылар тартып алған. Бүгінге дейін 58 өрт оқиғасы тіркелді. 8 өрт сөндіруші түрлі дене жарақатын алса, біреуіне оқ тиіп жараланған.

Руслан Қасыбаев, Алматы қаласы ТЖД бастығы:

Өрт сөндіру жұмыстарына бара жатқан немесе жүргізіп жатқан өрт сөндірушілерге тәртіп бұзушылар шабуыл жасап, кедергі келтірді. Құрметті қала тұрғындары, шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтірмеулеріңізді сұраймын. Себебі осы қызметтер мұқтаж адамдарға шұғыл түрде ден қойып, жедел көмек көрсетуі тиіс.


Хабарламаларға жазылу