Алматы базарындағы өрт сөндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы базарындағы өрт сөндірілді

06.09.2019
Алматы базарындағы өрт сөндірілді

Алматының «Мизам» базарындағы өрт сағат 17:09-да ауыздықталды.

«Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне Алатау ауданының солтүстік айналма жолы бойындағы қоймалардың өртенгені туралы хабарлама 6 қыркүйек күні сағат 13:38-де түсті. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 3 минутта жетті. Онда жеке құрамнан 64 қызметкер, 20 техника, қалалық ТЖД 115 қызметкері және Алматы полиция департаментінің 16 техникасы, «Алматы тазалық» кәсіпорнының және жасыл экономика басқармасының су тасымалдайтын 15 көлігі тартылды. «Қазавиақұтқару» АҚ КА-32 және Алматы қалалық құтқару қызметінің 109-МИ 8 ұшағы жұмылдырылды»,- деп хабарлайды ТЖД. 

Қызыл жалын 2200 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу