Нұр-Сұлтанда тәртіп бұзудың алдын алу жедел шарасы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда тәртіп бұзудың алдын алу жедел шарасы өтуде

08.01.2022

Елордада қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін анықтау үшін арнайы жедел іс-шара өтуде. Полицейлер аулалар мен пәтерлерді аралап, қоғамға қауіп төндіретін күмәнді адамдарды анықтауға кіріседі. Тәртіп сақшылары тұрғындардан алдын-алу жедел шарасына түсіністікпен қарауды сұрайды. Қалада коменданттық сағат жалғасуда. Сондықтан қала аумағынан шықпауды және балаларды көзден таса қылмауды ескертеді.

Ержан Саденов, полиция департаментінің басшысы: 
Күмәнді адамдар туралы мәлімет болса полицияға хабарлауыңызды сұраймын. Коменданттық сағат жалғасуда. Үйде болуды, қала аумағынан себепсіз шықпауды сұраймыз.


Хабарламаларға жазылу