Елордадағы газ құю бекеттерінде газ 70 теңгеден саудаланып жатыр. Жалпы, Қазақстан бойынша сұйытылған газдың бағасы 180 күн ішінде келесі шекті бағадан аспайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан соң әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасы реттеледі.
Елде сатылатын газдың бағасы 50 теңгемен 75 теңге аралығында сатылуы тиіс. Үкімет әр өңірдің логистикалық шығындарын ескере отырып, шекті баға бекіткен. Екі ортада қымбат алып, арзан саудалауға мәжбүр болған компания өкілдері жаңа бағамен сатуға қарсы.
Сұйытылған отын бағасын негізсіз көтеріп, одан заңсыз пайда тапқан 6 компанияға қатысты тергеу басталған.
Серік Жұманғарин, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:Біз қазір ең ірі деген 6 ірі өндірушілерге қатысты тергеуді бастадық.
Бензин және дизель отынынының бағасы да 6 ай өзгермейді. Халықтың бензин АИ-92-нің шекті бағасы 182 теңге.