Талдықорғанда уақытша тергеу абақтысына қарулы шабуыл жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда уақытша тергеу абақтысына қарулы шабуыл жасалды

07.01.2022

Бүгін Талдықорған қаласындағы уақытша тергеу абақтысына қарулы шабуыл жасалды. Тергеу изоляторының бір қызметкері қаза тапты. Өңірдегі тілшіміз Қуаныш Қанатұлы байланыста. 

Қуаныш Қанатұлы:
Бүгін күндізгі сағат 11:30-да Талдықорған қаласының уақытша тергеу изоляторына 15 шақты қаруланған азамат баса көктеп кірді. Артынша, басбұзарлар көлікпен шабуылдауға көшкен. Дер кезінде тиісті шаралар жүргізіліп, шабуылдаушыларға тойтарыс берілді. Құзырлы органдар берген соңғы мәліметтерге сәйкес, шабуылдағандар тарапынан 3 адам өлтірілген, 2 адам жараланған. Ал, тергеу изоляторының 1 қызметкері қаза тапқан, 2 адам жараланған. Оқиға орнында тергеу шаралары жүргізілуде. 


Хабарламаларға жазылу