Елімізде мұнай өнімдері мен дизель отыны белгіленген шекті бағамен сатылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мұнай өнімдері мен дизель отыны белгіленген шекті бағамен сатылып жатыр

07.01.2022

Еліміздегі барлық мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақты. Энергетика министрлігі осылай деп хабарлады. Бүгінгі таңда бензин және дизель отыны бойынша қалдықтар жиырма күндік қажеттілік үшін жеткілікті. Аймақтарда да жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ету ойдағыдай

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ел ішінде мұнай өнімдері мен дизель отыны белгіленген шекті бағаларға сәйкес саудаланып жатыр. Егер жанармай құю станцияларында бензин, дизель, сұйытылған газ бекітілген бағадан қымбат сатылса, онда Монополияға қарсы агенттік тиісті тексерістер жүргізеді.

Бағаны негізсіз өсіру мәселесі бойынша жауапқа тартылады. Шағын және орта бизнестің шығындарын қалпына келтіру үшін олар өндірушілермен төмендетілген бағалар бойынша келісімшарттарды қайта жасайтын болады. Егер қиындықтар туындаса, не сұрақтар болса, экранда көрсетілген нөмір арқылы министрлікпен байланысуға болады.


Хабарламаларға жазылу