Батыс Қазақстанға Ресейден дизель отыны жеткізіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанға Ресейден дизель отыны жеткізіле бастады

05.10.2021

Батыс Қазақстанға Ресейден дизель отыны жеткізіле бастады. Соңғы күндері өңірде жанармай тапшылығы туындап, тек талонмен беріліп жатқан еді. Атырау мұнай зауытынан шекті мөлшерде ғана келеді. Сондықтан Ресей кәсіпорындарымен келіссөз жүргізілді. Қазір жағдай қалыпқа келіп, баға тұрақталды.

Қайрат Мұқамбетқалиев,  Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Ресеймен келісім аяқталды. Дизельді отын қаладағы Конденсат, Меркурий, Бином, Нэфтек стансаларында еркін сатылып жатыр. Бағасы - 262-269 теңге аралығында. Қор 10-12 күнге жетеді. Кейін тағы әкелінеді.



Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу