Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

05.01.2022

Президент Жарлығымен Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Президент көмекшісі лауазымын атқарған. Мемлекет басшысы Жарлығымен Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік хатшы лауазымынан босатылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу