Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді. Президент тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. Премьер-Министрдің міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді. Ал Үкімет мүшелері жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндетін атқаруды жалғастырады. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.