Президент Жарлығымен бірқатар ауыс-түйістер болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Жарлығымен бірқатар ауыс-түйістер болды

04.05.2020

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қызметінен босатылып, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне Аида Балаева тағайындалды. Ведомствоның жаңа басшысын ұжымына Үкімет басшысы таныстырды. Асқар Мамин Аида Балаеваның ақпарат және ішкі саясат саласындағы 20 жылдық тәжірибесі бар білікті маман екенін атап өтті.

Фариза МҰСА


Хабарламаларға жазылу