Әлемнің бес ядролық державасы – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция атомдық соғыс пен жанталаса қарулануға жол бермеу туралы ортақ мәлімдеме таратты. Бұл мемлекеттер лидерлерінің сөзінше, мұндай жанжалда жеңімпаз болмайды және ол басталмауы керек.
Қытай сыртқы істер министрлігі «тарихи» деп атаған құжат Ресейдің бастамасымен қабылданған. Дегенмен жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау жөніндегі халықаралық науқанның атқарушы директоры Беатрис Фин бұл мәлімдеменің шынайылығына күмән келтіріп отыр.
Оның ойынша бүгінде алып державалар қарулану жарысына, арсеналдарын модернизациялауға миллиардтаған доллар жұмсап, ядролық соғысты бастауға үнемі әзірлік жүргізіп жатыр.
Арыстан Рысбек