Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеуде. Кешеден бері қар жинау жұмысына мыңнан астам арнайы техника мен екі мыңға жуық адам жұмылдырылды.
Қалың қардан кептеліс болмауы үшін күре жолдар бірінші тазаланады. Одан кейін тротуарлар мен әлеуметтік нысандарға кіретін жолдың қары күреледі. Айта кетейік, қыс басталғалы қаладан 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылған.
Фархат Мойынов, Есіл ауданы әкімдігі өндіріс-техникалық бөлімінің басшысы:
Қазіргі таңда Есіл ауданы бойынша 415 арнайы техника, шамамен, 500 көше тазалау жұмыстарына жұмылдырылған.