Қазақстанда әскери қызметкерлер үшін жылжымалы тұрғын үй салынады. Тиісті заң жобасын Мәжіліс мақұлдады. Мобильді баспана тұрғын үй жетіспейтін, оны жалға алу мүмкіндігі жоқ гарнизондардағы жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда бой көтереді. Қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарай тұрғын үй үш бөлмелі пәтердің барлық нормасына сәйкес тұрғызылады. Жылжымалы үй болғанына қарамастан коммуникациямен толық қамтылады. Әскерилерге қызметтік пәтер ретінде беріледі.