Бас қалада мерекелік демалыс күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері айтты. Сархат Бейсенованың айтуынша бұл эпиджағдайды ушықтырмау үшін қажет. Қазір жаңа жылдық корпоративтерді және отбасылық тойларды өткізуге тыйым салынған. Тек ашық бағдарламасына қатысатын кафе ресторандарға ғана баруға рұқсат. Оның өзінде келушілердің мәртебесі жасыл және залдағы орындардың жартысы бос болуы тиіс. Десе де жаңа штамнан төнген қауіпке байланысты мамандар түрлі меркелік жиындардан бас тарта тұруға кеңес беріп отыр.