Алматы «жасыл» аймаққа өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы «жасыл» аймаққа өтті

18.01.2021

Алматы коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа өтті. 

Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері мекеме басшыларына қызметкерлердің басым бөлігін қашықтан жұмыс істеуге жіберуді ұсынған. Нәтижесінде соңғы екі аптада жұмыс орындарында ауру жұқтырғандар саны 9 пайызға азайды. Дегенмен көпшілік орындар мен қоғамдық көліктерде карантин шаралары әлі де сақталмайды. Салдарынан науқастар өткен айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,7 есе көбейген. Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, әсіресе жастар арасында вирус жұқтыру жиілеген. 

Жандарбек Бекшин, қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:
Ауру жұқтырудың негізгі орындары – сауда, қоғамдық тамақтану обьектілері 41 пайызды, отбасындағы байланыстар 27 пайызды және қоғамдық көлікте 21 пайызды құрайды. Осыған орай сақтық шараларын сақтау керектігін тағы да еске саламыз.

Қалада 32 мониторингтік топ жұмысы істеп жатыр. Мамандар өткен демалыс күндері 550-ден астам бизнес нысанын тексеріп, 28 хаттама толтырған. Соңғы 3 айда 900-ге жуық тексеру жүргізіліп, мыңнан астам хаттама толтырылған. Заңды тұлғаларға 78 миллионға жуық, жеке тұлғаларға 30 миллионнан астам айыппұл салынды.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу