Иордания: Парламентте төбелес болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иордания: Парламентте төбелес болды

29.12.2021

Иордания парламентіндегі отырыс соңы төбелеске ұласты. Жанжал ел конституциясына ұсынылған өзгертістерді талқылау кезінде басталған. Ортақ келісімге келе алмаған бір топ депутат алдымен бір-біріне дауыс көтерген.

Кейін олардың екеуі ортаға шығып, жұдырықтаса бастаған. Осы келеңсіздік үшін отырысты жарты сағатқа тоқтатуға тура келді. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу