Түркістан облысында 51 миллион қаржыны талан-таражға салған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 51 миллион қаржыны талан-таражға салған

28.12.2021

Түркістан облысында балалар үйінің басшылары мен қызметкерлері мемлекет қаржысын талан-таражға салып, қазынаға 51 млн шығын келтірген. Барлығы 8 мекемеге қатысты 6 іс қозғалған. Мекемелердің үш жылдық жұмысын тексеру барысында ондағы басшылардың тамақтан бастап тұрмыстық заттардан, тіпті көмірден де пайда тапқанын анықтаған. Күнделікті тұтыну тауарларын қымбат бағамен көрсетіп, сапасы төмен азық түлік пен тұтыну заттарын алып келген. Ал қарттар үйінде көмірді артығымен алғанымен, қыста мардымсыз жылу берген. Қазір бұл мекеменің директоры мен есепшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Нұрдәулет Ергешов, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:

Балалар үйлерінде мәселен бір қаламды 100 теңгеден алудың орнына 900 теңгеден алып отырған. Осы тектес негізсіз шығындарға жол берген. Жөндеу жұмыстары кезінде де сапасыз материалдарды қолданып, оларды қымбат бағамен көрсетіп отырған. Ал қарттар үйінің директоры мен есепшісі 38 млн теңгені жымқырғаны үшін тергеліп жатыр. Олар тіпті қылмыстық істі жауып тастау үшін пара ұсынып, ол бойынша да қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу