«Жайық жылу қуат» АҚ-ның бұрынғы басшысы Нұрлыбек Киреев 7 жылға бас бостандығынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жайық жылу қуат» АҚ-ның бұрынғы басшысы Нұрлыбек Киреев 7 жылға бас бостандығынан айырылды

31.01.2017
Оралда жылу кәсіпорынының бұрынғы басшысы мекемеге тиесілі қаржыны талан-таражға салды деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Жайық жылу қуат» АҚ-ның экс бас директоры Нұрлыбек Киреев осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің бұрынғы басшысы Бакар Кәрімовпен бірге құны 700 миллион теңгенің қосалқы бөлшектерін алу жөнінде заңсыз мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастырған.
Кейін жеңімпаз деп танылған ресейлік компанияға қаржының тең жартысы аударылған. Бұл қаражатты екеуі жымқырып, «Жайық жылу қуат» мекемесіне 349 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Алайда, айыпталушы жақ сот шешімімен келіспей отыр. Аппеляциялық шағым түсірмек.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу