Чилидің оңтүстігінде алапат өрт 12 мың гектардан астам аумақты шарпыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилидің оңтүстігінде алапат өрт 12 мың гектардан астам аумақты шарпыды

28.12.2021

Чилидің оңтүстігінде алапат өрт дес бермей жатыр. Тілсіз жау 12 мыңнан астам гектар аумақты шарпыған. Бірнеше тұрғын үй отқа оранып, адамдар панасыз қалды. Бір ғана Квиллон ауданында өрт 1600 гектар аумақты күлге айналдырған. Билік бұл аумақтағы қызыл жалынмен күреске 4 ұшақ пен 5 тікұшақ жіберді. Чилидің Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, қазір ел аумағында 19 өрт ошағы тіркелген. Ал бұған дейін лапылдаған жалынның 35 ошағы толықтай өшірілді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу