Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылордада ең үлкен күлше пісірілді. Диаметрі 1 метр болатын күлшені Жаңаталап ауылының аналары әзірледі. Мұнан кейінгі күлшелер де одан қалыспайды.
Күлшелер көпшілікке таратылып берілді. Ал жеңімпаздар арнайы сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, «Ең дәмді Наурыз көже» сайысы ұйымдастырылды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ