Алматы облысында «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры бес жылдың есебін берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры бес жылдың есебін берді

27.12.2021

 «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры бес жылда атқарған жұмыстарының есебін берді. Шара Алматы облысының Шамалған ауылында өтті.

2016 жылы меценат Болат Назарбаевтың бастамасымен құрылған қордың жұмысы аз қамтылған отбасыларды, мүгедектер мен жетімдерді қолдауға бағытталған. Қор қаржылық көмек көрсетуден бөлек азық-түлікпен, медициналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жобаларды іске асырып келеді. Басты ұстанымыз - «балық берме, қармақ бер» дейді қор басшысы.

Қасым Қасабеков, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының директоры:

Жағдайы төмен, жалғызілікті аналар мен жетім балаларды біз өз қарамағымызға алып, уақытша бағып, қағып береміз. Одан бөлек былтыр  Мақтаарал ауданында болған су тастқынында үйлер салып бердік. Одан бөлек пандемия кезінде азық-түлік тараттық.

Қордың құрылғанына бес жыл толуына орай өткен шарада қайырымдылықпен айналысып жүрген ұйымдарға автокөліктер мен шағын автобустар сыйға тартылды. Сонымен қатар 10 мұқтаж отбасына пәтердің кілті табыс етілді. Баспаналы болғандардың арасында жалғызбасты көпбалалы аналарда бар.

Армангүл Керімбаева, жалғызілікті көпбалалы ана:

Пәтер ақысын төлеген ақшамызды балаларымызға жаратсақ, кішкентай қыздарым бар. Олардың басқа балалар сияқты үйірмелерге, қосымша сабақтарға қатысқысы келеді. 

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу