Украинаның барлық баспа басылымы украин тіліндегі нұсқасымен шығуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның барлық баспа басылымы украин тіліндегі нұсқасымен шығуы тиіс

24.12.2021

Келер жылдан бастап Украинаның барлық баспа басылымдары украин тіліндегі нұсқасымен шығуы тиіс. Өйткені елде "мемлекеттік тілді дамыту туралы" Заң қабылданды.

Баспа басылымдары басқа тілдерде де болуы мүмкін, алайда 16 қаңтардан бастап мемлекеттік тілдегі данасының шығуы шарт. Ал заңды бұзған газет-журналдарға 115 мыңнан 200 мың теңгеге дейін дейін айыппұл салынады. 4 жыл бұрын қабылданған «Украина киносын мемлекеттік қолдау туралы» заң отандық кино, дубляж және анимациялық өндіріс саласына тың серпін берді. Заңға сай мемлекеттік, яғни украин тіліне аударылған шетелдік кинокартина 2023 жылға дейін кедендік баж және қосымша құн салығынан босатылған. Сәйкесінше мұндай жеңілдік кинодағы украин тілінің дамуына да мол септігін тигізді.

Владимир Дольник, журналист:

Осыған ұқсас заң тәртібі Украинадағы радиокомпанияларға таныс.Сол уақытта біз радиодағы үлкен өзгерісті бірден байқадық. Ән мен бағдарлама саны еселеп артты. Бұл заң украина тіліндегі шырқайтын ән мен әншінің санын арттырып, сапасын жақсартты. Баспаға қатысты Заң да осындай нәтиже береді деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу