Беларусьте мигранттар Еуропа одағына қайтсе де жетуден үмітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусьте мигранттар Еуропа одағына қайтсе де жетуден үмітті

24.12.2021

Беларусьте Таяу Шығыстан жиналған жүздеген мигрант Еуропа одағына қайтсе де өтуден үмітті. Сол үшін олар логистик орталықтан өз елдеріне қайтудан бас тартып отыр.

Соңғы мәліметке қарағанда, мұнда қазір 600 мигрант бар. Олар – негізінен Ирактан, Түркиядан, Ираннан, Сириядан келгендер.

Брюссельдің мәлімдеуінше, президент Александр Лукашенко үкіметі өзіне санкция жариялағаны үшін Польша шекарасы маңына Таяу Шығыстан адамдарды мыңдап тасыған. Алайда, ресми Минск бұл миграциялық дағдарысты Еуропа одағынан кек алуы үшін ұйымдастырды деген мәліметті үнемі жоққа шығарып келеді. 


Хабарламаларға жазылу