Әлем чемпионаты: Аргентина жеңіске жетуден үмітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионаты: Аргентина жеңіске жетуден үмітті

13.12.2022

Аргентина құрамасы жартылай финалда Хорватияны жеңетінін сеніммен айтып отыр. Футболшылар жауапты ойында жергілікті жанкүйерлерден қолдау сұрап, көшеге шығуға үндеді.

Сұрмерген Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы Әлем чемпионатына фавориттердің бірі ретінде келді. Бірақ 2018 жылы екінші орыннан көрінген Хорватия ойыншылары да осал емес. Реалдың жартылай қорғаушысы, команда капитаны Лука Модричтың әріптестері биылғы біріншілікте жақсы нәтиже көрсетуде.

Бүгінгі кездесуде жеңіске жеткен команда финалда француздармен не марокколықтармен ойнайды. Ал
Оңтүстік Америкадан фанаттар Дохаға көптеп барған. Сондықтан қазір олардың кейбіріне стадионға кіретін билет жетпей жатыр.

Досси, аргентиналық футбол жанкүйері:

Бұл матчқа бәрібір барамыз. Мүмкін біреулер қақпаның алдында қосымша билет сатып тұрар. Егер ол арзандаса, көбіміз жартылай финалды тамашалай аламыз. Біздікілер әдетте солай істейді ғой.
Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу