Семейде «SOS» дабыл құрылғылары орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «SOS» дабыл құрылғылары орнатылды

24.12.2021

Семей мен Өскемен қалаларында «SOS» дабыл құрылғылары орнатылды. Мұндай тетіктер қаладағы халық көп шоғырланған аудандарға қойылған. Құрылғы арқылы тұрғындар төтенше жағдай немесе заң бұзушылық болған кезде полицияға жедел хабар бере алады. Батырманы басқан бойда жедел басқару орталығындағы оператормен байланыс орнайды. Сол арқылы арыз-шағым бейне және аудиожазба тіркеледі. Бұл полицияның шұғыл түрде әрекет етіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін сапалы жұмыс істеуіне сеп болмақ. 

Жанат Мұқанов, жедел басқару орталығының бастығы:

Адамның бейнежазбасы мен сөйлеген сөздері бәрі осы 102 арнасына келіп түседі. Бұл -  қолжетімді полиция мақсатын жүзеге асыру. Яғни кез келген арыз-шағымға уақытында әрекет жасау.


Хабарламаларға жазылу