Түркістан облысында газ тұтынатын үйлерде қауіпсіздік талаптары өрескел бұзылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында газ тұтынатын үйлерде қауіпсіздік талаптары өрескел бұзылған

04.03.2021

Түркістан облысында газ тұтынатын тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптары өрескел бұзылған. Соңғы 3 күнде 20 мың жеке үйді тексерген мамандар 4 мыңға жуық кемшілікті анықтады . Баспаналардың кейбірінде газ құрылғылары дұрыс жалғанбаған , пеш талапқа сай орнатылмаған болып шықты. Сондай ақ, мұржалар да жарамсыз күйге түсіп, қондырғыларда дабыл белгілері мүлде болмаған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері газдан келетін қауіптің алдын алу үшін тексеру шараларын әлі де жалғастырмақ. 

Нұрғали Жүнісов, облыстық ТЖД басшысы:
Газ тұтыну жүйелер дұрыс жалғамайды. Жанғыш еденге жапсарлас орнатылғандары бар. 

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу