Ал баспана бағасы келер жылы жазға дейін қымбаттап, кейін тұрақталады. Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары осындай болжам жасап отыр.
Айтуларынша 2022-нің ортасында шаршы метрге сұраныс едәуір азаяды. Өйткені сол уақытқа дейін жұрт зейнетақы жинағанын пайдаланып болады. Кейін қордағы ақшасын көбі ала алмайды дейді. Бұған жеткілікті шек көлемінің екі еседей өсуі әсер етпек. Бұл сұраныстың азаюына әкелмек. Десе де оған дейін баға өсуі мүмкін. Биыл ол 20-30 пайыздай көтерілгені белгілі. Бұған қордағы қаржының берілуі, сұраныстың артып, құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп.