Израильде жасы 60-тан асқандарға вакцинаның төртінші дозасын салу жоспарланып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде жасы 60-тан асқандарға вакцинаның төртінші дозасын салу жоспарланып отыр

22.12.2021

Израильде әлемде алғаш рет жасы 60-тан асқан тұрғындарға «Pfizer» вакцинасының 4-ші дозасын салу жоспарланып отыр. Қосымша иммундау науқаны денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін де қамтитын болды. Бұл елде сейсенбі күні «омикрон» штамынан бір адам қайтыс болғаннан мұндай шешім кейін қабылданып отыр. «Рейтердің» дерегінше, Израильде ковидтің жаңа түрі 340 адамнан анықталған. Індеттің тарауын тоқтату үшін Израиль өз азаматтарына АҚШ, Германия, Италия мен Канада елдеріне саяхаттауға тыйым салды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу