Елде індет жұқтыру деңгейі 16 есе төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде індет жұқтыру деңгейі 16 есе төмендеді

22.12.2021

Соған сәйкес инфекциялық және реанимациялық орындар азайып келеді. Төсек-орын 19% ғана қамтылған. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысында айтылды. Қазір тілшіміз Нысаналы Ығыл бізбен байланыста.

Нысаналы Ығыл, тілші:

Соңғы үш айдағы жағдай да жағымды. Мысалы, қыркүйекте 84 мыңнан аса адам емделген болса, қазір 19 мыңға жуық. Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Үкіметте осындай мәлімет келтірді. Жандос Бүркітбаев әлемде Қазақстан коронавирусқа қарсы вакциналау бойынша 208 елдің ішінде 103-орында тұрғанын айтты. Ал, ТМД аумағында екінші. Халық санының 44,5 пайызы екпе қабылдаған. Ревакцинадан өткендер саны 303 мың адамға жетті.


Хабарламаларға жазылу